Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай бастауыш сынып мұғалімі Аширова Гүлжанның ұйымдастыруымен 2-cынып білім алушылары құттықтау жолдады. Бүлдіршіндердің құттықтауын қабыл алыңыздар!
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай бастауыш сынып мұғалімі Аширова Гүлжанның ұйымдастыруымен 2-cынып білім алушылары құттықтау жолдады. Бүлдіршіндердің құттықтауын қабыл алыңыздар!
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзін өзі басқару ұйымының «16-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесімен құттықтауы.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай бастауыш сынып мұғалімі Қожахмедияр Гүлназираның ұйымдастыруымен мектеп алды даярлық тобы құттықтау жолдады. Бүлдіршіндердің құттықтауын қабыл алыңыздар!
https://www.facebook.com/100090410312139/videos/pcb.844160721940931/2323641548058098
15.12.2025 жылы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5-cынып оқушыларын «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара Тәуелсіздіктің 34 жылдық мерейтойына арналды.
Оқушылар патриоттық сезімді ұлықтайтын ән-музыкалық нөмірлер орындап, өлеңдер оқып, салтанатты ант қабылдады. ![]()
![]()
Мақсаттары:
Балалардың жүзіндегі қуаныш пен мақтаныш – біздің ең үлкен жетістігіміз!
"Әкелер мектебі"-аса маңызды тәрбие құралы.
Қ.Сәтбаев жалпы білім беретін мектебінде "Әкелер мектебінің" жұмыс жоспарына сай "Отбасындағы әкенің рөлі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігі даусыз.
Шараға қатысқан әрбір әке бала тәрбиелеудегі әкенің ролі жайында өз ойларымен бөлісті.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «16-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай, оқушыларымызға ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз отанын сүюге, халқына , еліне қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында білім алушыларымыздың Отанына деген сүйіспеншілігі қатты сезілді.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 09.12.2025 жылы «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризге қарсы қорғауды ұйымдастыру» жөніндегі мектеп қызметкерлері және оқушылары арасында оқу жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – күдікті жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру, қауіпсіздік мәдениетін нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Оқу-жаттығу барысында эвакуация тәртібі, қауіпсіздік сигналдарына жедел жауап беру, қызметкерлердің өзара әрекеттесуі пысықталды.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" пәндік әдіс бірлестігінің "Тіл арқылы әлемді танимыз" тақырыбындағы онкүндіктің жұмыс жоспарына сай 8 желтоқсан күні Жұмашева Ләззат апайымыз "Ғажайып алаң" тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау, жеңімпаздарды анықтау. Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру. Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар марапатталды.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" пәндік әдіс бірлестігінің "Тіл арқылы әлемді танимыз" тақырыбындағы онкүндіктің жұмыс жоспарына сай 8 желтоқсан күні Тағабай Ақжарқын апайымыз "Білімнің жағып шырағын" тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыстың мақсаты:Қазақ әдебиеті пәнінен алған білімдерін тиянақтау. Сайыс арқылы ұйымшылдыққа, жақсы қарым қатынас орната білуге баулу. Сайысқа қатысушылар бес кезең бойынша сайысты. Өзінің білімділігі мен шапшаңдығын көрсете білген жеңімпаз оқушыларға Дипломдар беріліп арнайы сыйлықтар табысталды.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің "Жас археолог" үйірмесінің жұмыс жоспарына сай үйірме оқушыларымен Отырар қалашығындағы қазба жұмыстарына тарихи саяхат ұйымдастырылды. Қазба жұмыстары туралы Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Н.Сералы танымдық экскурсия жүргізді. Танымдық экскурсия барысында оқушыларға Отырар қалашығының рабад бөлігінде жүрізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен таныстырды.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" пәндік әдіс бірлестігінің "Тіл арқылы әлемді танимыз" тақырыбындағы онкүндіктің жұмыс жоспарына сай 5 желтоқсан күні Тағабай Ақжарқын апайымыз 5-сыныппен "Уақыттың қадірі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында ЖИ пайдаланылып, білім алушылар үшін өте қызықты болды. Сабақ мақсатына жетті.
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" пәндік әдіс бірлестігінің "Тіл арқылы әлемді танимыз" тақырыбындағы онкүндіктің жұмыс жоспарына сай 5 желтоқсан күні Қаймақ Қалампырдың ұйымдастыруымен "Жасанды интеллект дос па, дұшпан ба?" тақырыбында дебат өтті. Дебат турнирінің мақсаты: Оқушылардың саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымын, көшбасшылық қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін, сыни ойлау дағдысын дамыту. Нәтижесінде ерекше өнер көрсеткен "Қыран" тобы жеңіске жетті.
Мемлекет басшысы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.
2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын.
3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
