Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" пәндік әдіс бірлестігінің "Тіл арқылы әлемді танимыз" тақырыбындағы онкүндіктің жұмыс жоспарына сай 5 желтоқсан күні Қаймақ Қалампырдың ұйымдастыруымен "Жасанды интеллект дос па, дұшпан ба?" тақырыбында дебат өтті. Дебат турнирінің мақсаты: Оқушылардың саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымын, көшбасшылық қабілеттерін, зияткерлік әлеуетін, сыни ойлау дағдысын дамыту. Нәтижесінде ерекше өнер көрсеткен "Қыран" тобы жеңіске жетті.





