Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ”МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Салтанатты жиынға аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері, еңбек ардагерлері,ардагер ұстаздар , ата-аналар шақырылды. Салтанатты жиында мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктерді айта келе мектебіміздің оқушылары мен ұстаздарын, 1-сыныпқа қабылданған оқушылар мен ата-аналарды “Білім күні” мерекесімен құттықтады. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрабаев Төрәділ мырза Білім күнімен мектеп ұжымын құттықтай отырып, ауылымыздың тарихы жайлы естеліктер айтты. Сонымен бірге білім алушыларға арнайы алып келген сыйлығын ұсынды. Алғашқы қоңырау соғу құрметіне 1-сыныпқа қабылданған шәкірттеріміз Пернеханқызы Амина, Қалима және Базарбай Нұрсұлу, Ибадулла Бекнұр ие болды. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мектеп, ұстаз туралы ән-жырларын арнап,алғашқы қоңырау соғылып, 2024 -2025 жаңа оқу жылының басталғанын паш етті.
Білім күні құтты болсын!
ҚЫМБАТТЫ БАЛАЛАР!
МЕРЕЙЛІ МЕКЕНГЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!