Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ғажайып алаң" тақырыбында сайыс сабақ өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" пәндік әдіс бірлестігінің "Тіл арқылы әлемді танимыз" тақырыбындағы онкүндіктің жұмыс жоспарына сай 8 желтоқсан күні Жұмашева Ләззат апайымыз "Ғажайып алаң" тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау, жеңімпаздарды анықтау. Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру. Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар марапатталды.