Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Желідегі қауіпсіздік» республикалық флешмобы

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 22 қазан күні «Желідегі қауіпсіздік» атты республикалық флешмоб өткізілді.

✨Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында интернет желісінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, кибербуллинг пен алаяқтықтың алдын алу, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен және сауатты пайдалану дағдыларын дамыту болып табылады.

✨Флешмоб барысында оқушыларға желідегі жеке деректерді қорғау, жалған ақпарат пен қауіпті сілтемелерден сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылар өздері дайындаған бейнероликтер, ақпараттық жазбалар мен плакаттар арқылы желідегі қауіпсіздіктің маңыздылығын көрсетті.

✨Іс-шараға мектеп ұжымы мен оқушылар белсенді қатысып, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

https://www.facebook.com/share/r/14ZqwugUvxw/