Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 19 ақпан күні «Жасанды интеллект және білім сапасы» тақырыбында мектеп мұғалімдерімен және С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен жоба жұмысы өтті.
Жобаның мақсаты: мұғалімдердің жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы оқу процесін жеңілдету, оқушылардың қызығушылығын арттыру және оқу сапасын жақсарту. Жобаның міндеттері:
Жобаның міндеттері:
-мұғалімдердің ЖИ туралы түсінігін кеңейту және практикалық қолдану дағдыларын дамыту
-жи құралдарын оқу-тәрбие процесінде жүйелі енгізу
-оқушылардың шығармашылық және зерттеу дағдыларын ЖИ арқылы жетілдіру
Жасанды интеллект (ЖИ) педагогикалық іс-шара білім сапасын арттыруға қаншалықты тиімді екенін көрсету мақсатында баяндамалар қорғалып, тиімді тұстары талқыланды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жұмашева Ләззат Кеңесқызы «ЖИ платформаларын тиімді пайдалана отырып білім сапасын арттыру» тақырыбында, информатика пәнінің мұғалімі Амангелдиева Маржан Ерболқызы«Сабақ жоспарлауда мұғалім үшін көмекші ЖИ құралдары» тақырыбында, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керімбекова Ұлдана Баянқызы «Орыс тілі мен әдебиеті сабағында цифрлы білім беру ресурастарын қолданудың тиімділігі» тақырыбында, тарих пәнінің мұғалімі Исаева Гулнур Зулпыхарқызы «Білім сапасын арттыруда ЖИ платформасының тиімділігі» тақырыбында, физика пәнінің мұғалімі Сейсенова Айжан Нағашбекқызы «Цифрлық мұғалім және ЖИ: оқушы белсенділігін арттырудың тиімді жолы» тақырыбында, бастауыш сынып мұғалімі Аппазова Улдана "Бастауыш сыныпты оқытуда ЖИ тиімділігі"тақырыбында баяндамалар қорғалып талданды.
Жиын барысында мұғалімдер жасанды интеллекттің оқу процесіндегі рөлі, цифрлық платформаларды қолдану тиімділігі, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы жаңа әдіс-тәсілдер туралы тоқталды. Сонымен қатар, оқу материалдарын саралау, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру және бағалау жүйесін жетілдіру бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.
Талқылау барысында ұстаздар тәжірибе алмасып, инновациялық идеялармен бөлісті. Шара соңында ұсыныстар жинақталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар жоспары айқындалды.
Аталған кездесу педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.





