Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары «Жас сценаристер» байқауына «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында видеоролик түсірді.
Бейнероликтің мақсаты:
Жасөспірімдерге құмар ойынның (лудоманияның) зиянын түсіндіру;
Онлайн ойындардың тәуелділікке әкелетінін ескерту;
Жеңіл табысқа ұмтылудың қауіпті салдарын көрсету;
Қаржылық және психологиялық тәуелділіктің алдын алу;
Оқушыларды саналы таңдау жасауға, «жоқ» деп айта білуге тәрбиелеу;
Қиын жағдайда көмек сұраудың маңызын насихаттау;
Салауатты өмір салтын және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.





