Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Жас көшбасшыларға арналған шеберлік сыныптары

ҚСәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы 10-11-сынып білім алушыларымен сайланбалы лауазымдарға кандидат болғысы келетін белсенді оқушылар үшін арнайы шеберлік сағатын өткізді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің көшбасшылық қабілеттерін дамыту, шешендік өнерін шыңдау, сондай-ақ сайлау мәдениеті мен демократиялық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Шеберлік сынып барысында оқушылар үгіт-насихат жүргізу, көпшілік алдында сөйлеу, пікірталас мәдениеті және командалық жұмыс дағдыларын меңгерді.

✨ Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың өзін-өзі басқару жұмыстарына белсене қатысып, жауапкершілікті сезіне білуіне үлкен ықпал етеді.