Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" "ПОЛИЦИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР - БІРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН" АКЦИЯСЫ

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Полиция және балалар - бірге қауіпсіздік үшін" тақырыбында 21.11.2025ж сағат 11.00-де 7-11 сыныптар арасында бірыңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды.

Мақсаты - оқушыларға құқықтық мәдениетті, қауіпсіздік қағидаларын насихаттау, заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Мазмұндаманы жазуда үздік жұмыстар арнайы іріктеліп танылған оқушылар: Қ.Оңалбайқызы, Е.Ертай, А.Елубай, Г.Қанатқызы, Ж.Қазбек, Н.Нуридин, А.Басхан.

Қорытынды: Біз балаларымыздың заңға құрметпен қарап, қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауына үлес қосып, қоғамдағы әділдік пен қауіпсіздікті бірге сақтаймыз!