Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте өтіп жатқан жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 20 қаңтар күні жаратылыстану пәнінен 5-сынып білім алушыларымен
«Тірі организмдердің тіршілік етуі қалай ұйымдастырылған?» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерімен (жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – ағза) танысып, теориялық білімдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы бекітті.
Ашық сабақ заманауи әдіс-тәсілдермен, көрнекіліктермен және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.
Оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Осындай ашық сабақтар білім алушылардың танымдық қабілетін дамытуға және сапалы білім беруге ықпал етеді.





