Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ұстазыңды құттықта!» челленджі!

📚 Ұстаз – жүрекке нұр құятын шуағы мол шырақ. Ол – әр баланың бағын ашатын бағбан, ел болашағының темірқазығы.

🌟 Осы игі бастаманы қолдай отырып, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы мектебімізде ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарып, ауылымызға еңбегі сіңген ардагер ұстазымыз Тілеужан Жанаткүл апайымызды арнайы барып құттықтады. Республикалық «ҰСТАЗЫҢДЫ ҰЛЫҚТА» челленджіне үн қоса отырып, ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтаймыз.