Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолын кесу болдырмау

Отырар ауданы білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдык мемлекеттік мекемесінде 22 қыркүйек күні «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолын кесу болдырмау, отбасындағы балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ерте жүктілік және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» мақсатында топтық семинар болып өтті.

Семинарға Отырар АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты З.Надирова, Отырар аудандық ауруханасының акушер гинекологы Л.Қоңырбаева, Отырар аудандық Жастар ресурстық орталығының психологы Маханбетжан Әдемі, мектептегі әйел азаматтар мен 7-11 сыныптың оқушы қыздары қатысты.

Біздің міндетіміз – жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Дені сау ұрпақ – тек қана денсаулығы мықты емес, сонымен бірге ойы сергек, жүрегі мейірімді, Отанына адал азамат болуы тиіс.Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Сол себепті келеңсіз жағдайлардың алдын алып, жас буынды қолдап, оларға сенім арту – баршамыздың ортақ парызымыз.