Түркістан облысының Отырар ауданының Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 06 қарашасы күні педагогикалық Ғылымдар Академиясының басқарма төрағасы А.Құсайыновтың қатысуымен ақпараттық - семинар өтті. Ақпараттық – семинардың мақсаты Түркістан облысы білім басқармасының орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізді көтеру бағдарламасын іске асыру болып табылады. Семинарға Түркістан облысы "Білім беруді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдаров Нұралы Тұрдыұлы, Отырар ауданының білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі
Ембай Дархан Полатханұлы және ауданымыздың білім бөлімінің әдіскерлерімен қатар білім беру мекемелерінен педагогтар қатысты.
Семинар барысында «Орта білім беру сапасын ғылыми –практикалық негізді көтеру» бағдарламасы Тұжырымдамасын жүзеге асырудың кешенді жұмыс жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, мұғалімдер мен сынып жетекшілерге арналған тәрбие саласында өте құнды дүниелер берілген көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Семинар нәтижесінде құнды мәліметтер алынды.