Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Оқитын сынып"жобасы аясында Ж.Жабаевтың 180 жылдығына орай 6 сынып оқушылары

Түркістан облыс,Отырар ауданы Қ.Сәтбаев атындағы жббм кітапханасында "Оқитын сынып"жобасы аясында Ж.Жабаевтың 180 жылдығына орай 6 сынып оқушыларымен "Кітап- ұстаз ақылшы дос" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Жүз жасаған жыр алыбының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысу,өлеңдерін мәнерлеп айтқыза отырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Ж.Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. Шара барысында оқушылар Жамбыл аталарының өмірі мен шығармашылығы жайында айтып,өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді.Сондай- ақ Жамбыл мен Айкүміс айтысынан көрініс көрсетті.Сынып жетекшілері Ләззат апай оқушыларға ЖИ арқылы интерактивті тақтадан тапсырмалар беріліп оқушылар ұяшықтар арқылы сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды.