Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру және тәжірибеге асыру мақсатында 22 желтоқсан күні мектебіміздің кітапханашысы Б.Сүйін және 6 "а" сынып жетекшісі Лаззат Жұмашева сынып оқушыларымен ""Оқимыз, зерттейміз" тақырыбында Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жылдығына орай ғылыми сынып сағатын өтті.
Ғылыми сынып сағатының мақсаты – қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы, этнограф, тарихшы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектерін оқушыларға кеңінен таныстыру, оның рухани және тарихи мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ғылыми сынып сағаты барысында оқушылар:
– Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен еңбектері туралы мәліметтермен танысты;
– Ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызын талқылады;
– Шоқанның жас кезіндегі дарыны мен көптілділігі туралы презентациялар жасады;
– Өз пікірлерін ортаға салып, тарихи тұлғаға деген көзқарастарын білдірді.
Сынып сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға үлес қосты.





