«Менің әкем – жақсы адам» тақырыбында онкүндіктің жабылу салтанаты өтті
Мектебімізде өтіп жатқан "Әкелер мектебі" онкүндігінің жоспарына сай 20 ақпан күні әке мәртебесін көтеру, отбасы құндылықтарын насихаттау және әке мен бала арасындағы сыйластықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған онкүндік өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты жоғары деңгейде өткізілді.
Онкүндік аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: эссе және сурет байқаулары, спорттық жарыстар, тәрбиелік сағаттар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өтті. Оқушылар өз әкелеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігін шығармашылық жұмыстарында шынайы жеткізе білді.
Жабылу салтанатында мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы белсенді қатысқан оқушылар мен сынып жетекшілерді марапаттап, алғыс хаттар табыстады. Шара барысында әкеге деген құрмет, отбасының берекесі мен тәрбиедегі әкенің рөлі ерекше аталып өтті.
Аталған онкүндік оқушылардың бойында отбасылық құндылықтарды нығайтып, әкеге деген құрмет пен ризашылық сезімдерін арттыруға өз үлесін қосты.





