Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл екінші жыл бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылып отыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл екінші жыл бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылып отыр

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушыларына 2 қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақ берілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл екінші жыл бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Мектебімізде ыстық тамаққа апталық мәзір жасалған. Ас мәзірін әзірлеу барысында оқушылардың мектепте болу ұзақтығы және балалардың жас ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасын мониторингілеу бойынша комиссия құрылған. Арнайы құрылған комиссия тағамның өңделу мен пайдалануға дайындау барысына жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылауды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, тамақтардың сапасы күнделікті мектеп медбикесінің бақылауынан өткізіліп отырады.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Ыстық тамақ бойынша кесте құрылып, кесте бойынша сынып жетекшілердің және кезекші мұғалімдердің қадағалауы бойынша ыстық тамақпен тамақтанады.

Мемлекет басшысының жас жеткіншектердің денсаулығына, дамуына, оқу үлгеріміне және хал-ахуалды жақсартуға жасап отырған бұл бастамасына алғысымыз шексіз!