23.10.2025 жыл
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Өзін-өзі басқару” ұйымының Мектеп Парламенті Президентін сайлау іс-шарасы ұйымдастырылды.
Сайлаудың мақсаты – оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, жауапкершілік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Үміткерлер өз бағдарламаларын таныстырып, пікірталасқа қатысып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сайлау ашық әрі әділ форматта өтті. Оқушылар жоғары белсенділік танытты.
Нәтижесінде 9- сынып оқушысы Ертай Ерасыл мектеп президенті болып сайланды.
Вице-президент қызметіне 10- сынып оқушысы Жексен Сабина тағайындалды.
https://www.facebook.com/100090410312139/videos/pcb.799463046410699/800107566104334





