Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалдық сайыс өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы мектебінде 9 ақпан күні қазақ поэзиясының алып тұлғасы, халық жүрегінен орын алған ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысты мектеп тәлімгері Қыдырбаева Мөлдір ұйымдастырды.

Сайыс барысында қатысушылар ақынның өмір жолы, өлеңдері, поэмалары мен нақыл сөздері бойынша өз білімдерін сынап, тапқырлықтары мен ой ұшқырлығын көрсетті. Мұқағали поэзиясының терең мағынасы, адамгершілік пен отансүйгіштікке толы жырлары тағы бір мәрте насихатталды.

Бұл сайыс оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлы ақын мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді. Мұқағали жыры – мәңгілік, Мұқағали сөзі – жүрекке жол табар асыл қазына! ✨

https://www.facebook.com/reel/784312998045001