Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған ерекше рухани кеш өтті.

✨ “Бір әні – бір әлем” ✨

Бүгін Қ. Сәтбаев мектебінде қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған ерекше рухани кеш өтті. «Бір әні – бір әлем» атты әдеби кафе оқушылар мен ұстаздардың жүрегін жырмен тербеп, поэзия құдіретін тағы бір мәрте сезіндірді.

Кеш барысында Мұқағали жырлары мәнерлеп оқылып, әндері әуелеп, ақынның сырға толы ғажайып әлемі жаңаша қырынан ашылды. Әр өлеңнен өмірге деген іңкәрлік, адамға деген мейірім, туған жерге деген шексіз сағыныш сезілді. Жас ұрпақ ұлы ақын мұрасын жүрек сүзгісінен өткізіп, рухани азық алды.

Тағылымы мол іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне мектеп кітапханашысы Сүйін Бақыт пен ұйымдастырушы педагог Шәңкібаева Айнұр зор еңбек сіңірді. Ұйымдастырушылардың ізденісі мен шығармашылығының арқасында кеш ерекше жылулықта, әсерлі көңіл күйде өтті.

Мұқағали – ғасырлар өтсе де өшпейтін жыр, сарқылмайтын сыр, таусылмайтын тағылым. Оның әр шумағы – бір әлем, әр әні – бір ғұмыр.

Поэзия рухы биіктей берсін! 🌿📖

https://www.facebook.com/100044612680540/videos/pcb.1459573215539754/2149946298745204