Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІККЕ АМАНАТ»

«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІККЕ АМАНАТ»

«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІККЕ АМАНАТ»

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры» тақырыбында өтіп жатқан үйірме сабақтарының айлық шарасының жоспарына сай 25 қараша күні «Драма» үйірмесінің жетекшісі Г.Прманова «Мәңгілік ел –мәңгілікке аманат» тақырыбында тәрбие шарасын өтті.

Мақсаты:

Оқушылардың Отанын, туған жерін, халқын ардақтап өтуге баулу;

Еліне деген отаншылдық сезімдерін ояту.

Іс-шара ата-ана «Алжир» лагеріндегі қазақ әйелдерінің аянышты тағдыры бейнеленген қойылымымен басталды.

Тәрбие сағаты барысында мектебіміздің тәуелсізді тақырыбындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.

Оқушылар патриоттық би билеп, ән орындады.

#Біртұтас_тәрбие