Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Ұлы дала тарихы - мәңгілік Қазақстан»

«Ұлы дала тарихы - мәңгілік Қазақстан»

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қазына» пәндік әдіс бірлестігінің «Ұлы дала тарихы - мәңгілік Қазақстан» тақырыбында онкүндігінің жоспарына сай 13 қараша күні жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» хикаятын талдау жұмысы болып өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған шығарма талдау сағатын мектеп кітапханашысы Б.Сүйін ұйымдастырды. Хикаяда еңбектің қадірін, жастайынан нарықтың талабын біліп өскен Жомарттың жетістіктері шынайы оқиғалармен өрбіген. Автор осы шығармасы арқылы қазақтың бизнес бастауға ниетті жастарына жол көрсетеді. «Бай болсам!» деп армандаған балаға рухани тәлім береді. Автор өзі армандағандай, әр қазақтың баласы бай болып, мақсатына жетуге тиісті екендігін тілге тиек етеді. Кітапты оқыған ұстаздар өзара пікір алысып, шығарманың тәрбиелік мәнінің зор екендігін және бұл шығарманы білім алушыларға міндетті түрде оқыту керек деген қорытындыға келді. Шығарма туралы өз пікірін білдірген мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы басты кейіпкер Жомарттың ерте жастан еңбекке араласып, заманның ағымына қарай тіршілікке араласуы, сол арқылы көздеген мақсатына жетуі қазіргі жастарға ауадай қажет мотивация, бұл шығарманы 5-11 –сынып білі#Біртұтас_тәрбием алушылары оқуы тиіс деді.

#Біртұтас_тәрбие