Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұлттық құндылық+ЖИ=Заманауи жаратылыстану білім" тақырыбында жаратылыстану пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

📌 Қ.Сәтбаев ЖББМ-де жаратылыстану пәндерінің онкүндігі басталды.

2026 жылғы 12 қаңтар күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Таным» жаратылыстану пәндері әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен "Ұлттық құндылық+ЖИ=Заманауи жаратылыстану білім" тақырыбында жаратылыстану пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

Онкүндіктің мақсаты

Жаратылыстану пәндерін (физика, химия, биология) оқытуда жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану арқылы білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заманауи, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

📅 Онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар:

  • химия, физика, биология және жаратылыстану пәндерінен мақсатты, танымдық және интеграцияланған сабақтар;
  • таңғажайып тәжірибелер, танымдық сергіту сәттері;
  • «EXPERIMENT SHOW: Тәжірибе және таным» атты тәжірибелер алаңы;
  • «Жас зерттеуші – 2026» ғылыми идеялар алаңы;
  • пәндік бақылау жұмыстары;
  • ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ойындар мен зияткерлік сайыстар;
  • оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағытталған танымдық кездесулер.

✨ Онкүндіктің ашылуында оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытып, ұлттық құндылықтар мен заманауи ғылымның үйлесім табуы – сапалы білімнің кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

📚 Алдағы күндері өтетін іс-шаралар оқушыларға жаңа білім, тың тәжірибе мен ғылыми ізденіске деген шабыт сыйлайды деп сенеміз.

📍 Білім мен таным тоғысқан онкүндік – болашаққа нық қадам!