Бүгін Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ҚР халқының тілдер күні мерекесіне орай "Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы" тақырыбында ұстаздармен және білім алушылармен ұлт ұстазы жайында сайыс түрінде шара өтілді. Сұрақтар жасанды интелект арқылы экраннан беріліп, ұстаздар мен білім алушылар білетін мәліметтерімен бөлісті. 5 қыркүйек қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгеніне 152 жыл толып отыр.
Ахмет – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері екендігі жөнінде видеоролик көрсетіліп, ғалым еңбегі кеңінен насихатталды. Мерекелік шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері белсене қатысты.