Түркістан облысы,Отырар ауданы Қ.Сәтбаңв атындағы жббм мектеп кітапханасында 24.03-02.04 аралығында Кітап апталығына орай 01.04 күні 5-7 сыныптар арасында "Өлең оқудан жалықпайық" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушыларға өлең - ол жай ғана сөз емес,ол- сезім,ой және жүректің үні екенін әрбір өлеңде ақынның арманы,қуанышы мен мұңы жасырынғаны,өлең оқу арқылы біз әдемі сөйлеуді,терең ойлауды үйренетінімізді жеткізу. Сайыста өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін жақсы мәнерлеп жатқа айтқан оқушыларға жүлделі орындар берілді.1 орынды 6 а сыныбының оқушысы Оразбек Талғат иеленсе, 2 орынды 5 сынып оқушысы Райымбек Әмина,3 орынды 7 сынып оқушысы Нұрридин Нұрай иеленді. Сондай- ақ "Алғыс хатпен" 5 сынып оқушылары Сейдахан Төре,Меккенбай Нұрбол,Мырзахан Нұрперзент,6 ә сынып оқушылары Қасқырбай Нәзік,Анарбай Сара,7 сынып оқушылары Жарылқасын Мәншүк пен Әбілқасым Айару марапатталды. Күн сайын аз да болса өлең оқуды,әдетке айналдырайық!Мәнерлеп оқып өзімізді шыңдайық!





