Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Химия күні – ғылым мен серпіннің үйлесімі

🧪 Химия күні – ғылым мен серпіннің үйлесімі

Жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 13 қаңтар күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Химия күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді.

🔬 Химия пәнінен мақсатты сабақ

Мақсатты сабақ химия пәнінің мұғалімі Налжанов Әділет жетекшілігімен өткізілді. Сабақ барысында оқушылар химиялық элементтердің қасиеттерін терең меңгеріп, тәжірибе жасау, талдау, салыстыру арқылы өз білімдерін дәлелдей білді. Заманауи әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер мен өмірмен байланысты тапсырмалар тиімді қолданылып, оқушылардың танымдық белсенділігі артты.

💪 Таңғы сергіту – серпінді бастама

Химия күні таңғы сергіту Төреханқызы Жайна апайымыздың ұйымдастыруымен өтіп, мектеп ұжымына ерекше серпін сыйлады. Қызықты әрі танымдық форматта ұйымдастырылған сергіту жаттығулары оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа баулыды. Ғылым мен қимыл-қозғалыстың үйлесімі күннің сәтті өтуіне негіз қалады.

✨ Химия күні – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, логикалық ойлауына және пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.