Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ерекше форматта дөңгелек үстел өтілді.

Мектебімізде өтіп жатқан "Әкелер мектебі" жобасының жоспарына сай 11 ақпан күні Жұмашева Лаззат апайдың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларының әкелерімен «Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында ерекше форматта дөңгелек үстел өтілді. Іс-шараның мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы байланысты нығайту және мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын дамыту.

Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтті. Әкелер өз ойларымен бөлісіп, қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушыларға жағдаяттық сұрақтар ұсынылып, топтық талқылау ұйымдастырылды. Әр әке өз тәжірибесінен мысал келтіріп, тәрбиедегі әкенің өнегесі мен үлгісінің маңыздылығын атап өтті.

Шара барысында «Әке – асқар тау» тақырыбында шағын бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың әкелеріне арнаған жылы лебіздері әкелеріне табысталды. Бұл сәт әкелерге ерекше әсер қалдырды.

Дөңгелек үстел ашық, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Қатысушы әкелер мектеппен тығыз байланыста болып, бала тәрбиесіне белсенді араласуға дайын екендіктерін білдірді.