Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Кемел келешек кілті білімде" тақырыбында сайыс сабақ болып өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Ұлағат" қазақ тілі мен әдебиеті пәні пәндік әдіс бірлестігінің жұмыс жоспарына сай 3 желтоқсан күні Айшықова Ақмаралдың ұйымдастыруымен "Кемел келешек кілті білімде" тақырыбында сайыс сабақ болып өтті. Сайыс сабақтың мақсаты: Еліміздің өткен тарихы мен тәуелсіздік алған жылдардағы елеулі оқиғалар мен жылдарды, мәдени тұлғаларды білім алушылардың есінде қалдыру. Білім алушыларды жан жақты етіп тәрбиелеу. Сайысқа "Жас қыран" және "Тұлпар" топтары қатысып, сегіз кезең бойынша бақ сынады. Нәтижесінде әділ қазылардың төрелігімен "Жас қыран" тобы жеңіске жетті. Сайыс кезеңдері интерактивті тақтада ЖИ қолдана отырып өтілді.