Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті!

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Еңбегі адал – жас өрен” жобасы аясында мектебімізде “Күзгі асар” атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 🌟

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ ортақ іске үлес қосуға баулу.

Жәрмеңкеге қатысқан әрбір оқушы өз қолымен дайындаған тағамдары мен бұйымдарын ұсынды. Күздің берекесі мен жылылығы сезілген тамаша шара болды!