«КҮЗГІ АСАР» ЖӘРМЕҢКЕСІ
Күз молшылықтың, байлықтың, берекенің кезі.
Түркістан облысының Отырар ауданының Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша «Күзгі асар» тақырыбында 2024 жылдың 08 қарашасы күні күзгі жәрмеңке өтті. Мақсаты: Күзгі өнімдер түрлерін таныстыра отырып, одан не жасалатынын айтып түсіндіру. Балалардың қызығушылығынарттыру,тіл байлығын,ой өрісін дамыту,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Балаларды табиғатты сүюге, аялауға,қорғауға,үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. «Күзгі асар» жәрмеңкесіне 7-10-сыныптардың білім алушылары қатысты.
Жәрмеңкеге білім алушылар ата-аналарымен бірлесе дайындаған қолөнер бұйымдары, күз мезгіліне дайындалған сәнді көйлектер, көкөністердің түрлілігі және күзгі көріністегі бейнелеген суреттері алыстан көз тартатыны хақ.
Мектеп ішінде ұйымдастырылған шағын жәрмеңке оқушылардың дайындаған бұйымдарының көп түрлілігімен таң қалдырды. Жәрмеңке сөрелерінен: қолдан жасалған түрлі тағамдар, қолөнер туындылары орын алды. Оқушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды. Ұйымдастырылған іс-шара барысында мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы белсене қатысқан оқушыларға ризашылығын білдіріп, жүлделі орындармен, мақтау қағаздарымен марапаттады. Ұстаздар тарапынан жылы лебіздер мен игі тілектер айтылды.
Жәрмеңкеге ат салысқан білім алушылары мен ата-аналарымызға алғыс білдіреміз. Игі істер жасауға асығайық, мейірімдімділікті сөзбен және іспен көрсете білейік, достар!