Түркістан облысы,Отырар ауданы,Қ.Сәтбаев атындағы жббм 2 сәуір "Халықаралық балалар кітабы" күніне орай "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Балалар кітапханасы","Оқитын сынып"жобасы аясында "Ұлы тұлғалар - ұлт шамшырақтары" тақырыбында 6 а сынып оқушыларымен әдеби - музыкалық кітап шеруі өтті. Мақсаты: Ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегін таныту арқылы олардың елге,халыққа сіңірген қызметін үлгі ету,жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік,адамгершілік және ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.Сонымен қатар,тарихи тұлғалардың даналығы мен тағылымын насихаттап,оқушыларды білімге,еңбексүйгіштікке және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. "Оқитын сынып" жобасы аясында 6 а сынып оқушылары жыл бойы 6 тақырыпта өткен іс- шараны "Ұлы тұлғалар- ұлт шамшырақтары" тақырыбындағы кітап шеруі мен қорытындылады. Бұл- кітап пен білімді ,ұлттың ұлы тұлғаларын дәріптейтін шарада оқушылар Абай,Жамбыл,Шоқан,Сапарғали,Бауыржан,Ахмет аталарының ролін сомдап керемет көрініс көрсетті.Бұл тұлғалар- ұлтымыздың асыл қазынасы.Олардың кітаптары- біздің рухани байлығымыз. Шара соңында "Оқитын сынып" жобасы бойынша таңдап алынған 6а сынып оқушыларына арнайы Мадақтама беріліп, ал сынып жетекшісі Л.Жұмашева "Жылдың үздік сыныбы" номинациясымен марапатталды.
https://www.facebook.com/100044612680540/videos/pcb.1502797091217366/2001396260409375





