Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақтың ұлы перзенті, ғұлама ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ғылымның биік шыңында» атты семинар өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақтың ұлы перзенті, ғұлама ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ғылымның биік шыңында» атты семинар өтті.

2024 жылдың 23 қазаны күні Түркістан облысының Отырар ауданының Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақтың ұлы перзенті, ғұлама ғалым, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ғылымның биік шыңында» атты семинар өтті.

Семинарға облыс көлеміндегі ғалымның атымен аталатын 10 білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен аудан мектептерінің директорлары қатысты. Ұйымдастыру кезеңінде қонақтар QR-кодпен тіркеліп, мектеп мұражайымен, көрмелермен таныстырылды.

Семинарды Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дархан Ембайдың құттықтау сөзімен басталып, келген қонақтар үш топқа бөлініп ашық сабақтарға енді. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Лаззат Жұмашева 5–сынып білім алушыларымен «Қ.Сәтбаев – әдебиет әлемінде» ХХІ ғасыр көшбасшысы тақырыбында білім сайысын көрсетсе, Ақжарқын Тағабай 10 –сынып білім алушыларымен Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі тақырыбында ашық сабақ өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Исаева 6 –сынып білім алушыларымен «Қ.Сәтбаев – ұлт мақтанышы» тақырыбында ашық сабақ, математика пәнінің мұғалімі Райхан Бақылбекова 9 –сынып білім алушыларымен «Қаныш – математикалық білім негізін қалаушы» тақырыбында ашық сабақ, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлбақыт Агулова пен орыс тілінің мұғалімі Ұлдана Керімбекова 7 –сынып білім алушыларымен «K.Satbaev is a versatile scientist К.Сатбаев – разносторонный ученый» тақырыбында кіріктірілген сабақ, бастауыш сынып мұғалімі Фарида Сапарбай 4-сынып білім алушыларымен «Қаныш аға – алып тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сабақтар өту барысында педагогтер қашықтықтан білім беруде Quizizz платформасын пайдалану мүмкіндіктері мен оқушыларға тапсырмаларды орындатуда жасанды интелектің, QR-код арқылы кері байланыс берудің тиімділігімен бөлісті.

Павлодар облысы Баянауыл ауылында орналасқан «Академиик Қ.Сәтбаевтың мемориалдық музейімен» зум арқылы онлайн байланыс орнатылып семинар қонақтары көрмемен таныстырылды. Сонымен қатар мактематика пәнінен «Қаныш Сәтбаев-Қазақ алгебрасының алғашқы ізашары» тақырыбында жетекшісі Мадина Қалназарова, химия пәнінен «Рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтары» тақырыбында жетекшісі Әділет Налжанов, физика пәнінен «Қ.Сәтбаев планетасы-Қазақ геологиясының символы» тақырыбында жетекшісі Айжан Сейсенова, биология пәнінен «Сәтбаев тасжарғаны» тақырыбында жетекшісі Арай Пралиева ғылыми жұмыстар қорғалды.

«Әлем таныған – Қаныш» тақырыбындағы тәрбие шарасында ғалымның дүниеге келген сәтінен бастап балалық шағы және оқып, елге қызмет жасаған кезеңіне дейінгі аралық сахналанды. Шара барысында Қаныш Сәтбаевқа арналған өлеңдер оқылып, ғалымның сүйіп тыңдап, арнайы нотаға түсірткен «Туған жер», «Екі жирен» әндері орындалып, “Сәтбаев вальсімен” аяқталды.

Семинардың қорытындылаған Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Гауһар Бақытжанқызы семинардың өте жоғары деңгейде өткендігін айта отырып, сабақ көрсеткен , ғылыми жұмысқа жетекшілік жасаған ұстаздарға алғысын айтып, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі. Ғалымның атына берілген мектептерден келген әріптестер де оң бағаларын беріп, алғыстарын жаудырды. Мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы келген қонақтарға мектеп тарихын түсіндіріп, семинарға келіп жақсы пікірлерімен бөлісіп, әдіс алмасқандары үшін рахметін айтты.

#Біртұтас_тәрбие

#Өзін_өзі_басқару