Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу"

"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу"

2024 жылдың 20 қыркүйек күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте білім алушыларға "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу" тақырыбында кездесу өткізілді.

Жиынның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында қылмыстылық және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асыру.

Отырар ауданының прокуратурасының прокуроры - Е.Бахадүр мен Отырар АПБ ЖПҚ ЮТП аға инспекторы полиция подполковнигі Т.Меңлібаев құқық бұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады. Жасөспірімдерге қатысты қылмыс пен жауапкершілік, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік мәселелері, есірткіге, синтетикалық есірткілер, вейптер мен электрондық темекі бұйымдары, интернет алаяқтық пен оның түрлері, сонымен қатар қатар көлік ағымының артуына байланысты жолдарда кең таралған электр скутерлері мен мопедтер жолда жүру ережелеріне қауіп төндіруде екендігін және жол қозғалыс ережелері бұзылған жағдайда олардың ата-аналарына еліміздің әкімшілік заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.

#біртұтастәрбие