Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
ҚКСР Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы - ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

ҚКСР Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы - ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Бүгін Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақтың геология ғылымының негізін қалаушы ҚКСР Ұлттық Ғылым академиясын ұйымдастырушы - ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмені Павлодар облысы, Баянауыл ауылында орналасқан "Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі" қызметкерлері Балабаева Гауһар Серікқазықызы және Тусупова Гүлбаршын Абзалқызы көрмемен таныстырды. Көрмеге тұлғаның жұмыс барысында, отбасында пайдаланған заттары, қолжазбалары, құжаттары және тарихи суреттері қойылды. Олардың ішінде Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчиллмен кездескенде киген Сырт киімі мен бас киімі де бар.

Іс-шара аясында Қ.Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Аталған іс-шара Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті академик Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай ғылым жетістіктерін кеңінен насихаттау, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытып, интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

#Біртұтас_тәрбие

#Өзін_өзі_басқару