Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының жалпы жиналысы болып өтті.

«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 19 қаңтары күні «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында

9-11 сынып оқушыларының жалпы жиналысы болып өтті.

Жиналысқа Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры Бимен Махсат Төлепбергенұлы, Отырар АПБ КПБ-нің жедел уәкілі, полиция лейтенанты С. Көшен, Мектеп директоры Л.Ділдабай, МДТІЖО А.Айшыкова, мектеп медбикесі А.Кенжебай, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, 9-11сынып оқушылары қатысты.

Отырар АПБ КПБ-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты

С. Көшен сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Сонымен қатар Отырар АПБ ҚҚБ-нің УПИ-і полиция майоры М. Бимен лудоманияның жасөспірімдер психологиясына тигізетін кері әсері, интернет және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу жолдары, сондай-ақ түнгі уақытта заңсыз жүрудің әкімшілік жауапкершілігі жөнінде кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар лудоманияға тоқтала келе лудомания, яғни азарттық ойындарға тәуелділік – бұл шектен тыс мөлшерде ақша жұмсауға және ойынға тәуелді болуға алып келетін психологиялық ауру екендігін түсіндіріп өтті. Лудоманияның қоғамға тигізетін әсері терең және кең ауқымды, себебі ол жеке адамдар мен олардың отбасыларына ғана емес, тұтас қоғам мен экономикаға да әсер ете

Жиналыс соңында білім алушылар сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.