«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 8 қаңтары күні «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында
8-11 сынып оқушыларымен жалпы жиналыс болып өтті.
Жиналысқа Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры Бимен Махсат Төлепбергенұлы, Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция лейтенанты Сержан Мерей Сержанұлы, МДТІЖО А.Айшыкова, әлеуметтік педагог М.Қалмырза, мектеп медбикесі А.Кенжебай, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, 9-11сынып оқушылары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры Бимен Махсат Төлепбергенұлы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіре отырып, заң талаптарын бұзбай орындау қажеттігі жайында баяндады. Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция лейтенанты Сержан Мерей Сержанұлы интернет алаяқтық, лудомания секілді интернет ойынға құмарлығын арттыратын жат қылықтардан аулақ болуға, ұялы телефондарды абайлап қолдану керектігі жайында түсіндірді.Мектеп директоры Ділдабай Ләззат Ермаханқызы құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы іс-әрекет жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында мектепте біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын, кешкі кезекшіліктің тұрақты жүргізілетіндігін айта келе оқушылардың жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар оқушыларға мектепке келу, мектептен қайту кезінде жол қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін, кешкі мезгілде көшеде жүрмеу жайында түсіндіріп, жиналысты қорытындылады.





