«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
2025 жылдың 29 қыркүйегі күні «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының жалпы жиналысы болып өтті.
Жиналысқа Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция подполковнигі Меңлібаев Талғат, Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция лейтенанты Сержан Мерей Сержанұлы, Отырар АПБ КПБ жедел уәкіл полиция капитаны Р.Әсетілла, МДТІЖО Н.Нұрымшан, әлеуметтік педагог М.Қалмырза, мектеп медбикесі А.Кенжебай, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, 8-11сынып оқушылары қатысты.
Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция подполковнигі Т.Меңлібаев құқық бұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіре отырып, заң талаптарын бұзбай орындау қажеттігі жайында баяндады. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы), ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі (Жасы кәмелетке толмаған балалардың білім беру мекемелерінде дәлелсіз себептерсіз бармауы) жайында түсіндіріп, осындай нақты дәйектемелерге мысалдар арқылы тоқталып өтті. Ата-аналарының айтқанын тыңдау, кешкі мезгілде үйден шықпау, мектепке ұялы телефонды әкелмеу, сабақта ұстамау сияқты т.б. мәселелерді қозғап өтті.
Отырар АПБ КПБ жедел уәкіл полиция капитаны Р.Әсетілла интернет алаяқтық, лудомания секілді интернет ойынға құмарлығын арттыратын жат қылықтардан аулақ болуға, ұялы телефондарды абайлап қолдану керектігі жайында түсіндірді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нұрымшан құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы іс-әрекет жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында мектепте біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын, кешкі кезекшіліктің тұрақты жүргізілетіндігін айта келе оқушылардың жолда жүру ережелрін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.





