Тіліңізді таңдаңыз

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ата Заңымыздың мәні мен маңызын түсіндіру, Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, елжандылыққа, заңды құрметтеуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихы мен құрылымы туралы мағлұмат алып, еліміздің басты құндылықтары – тәуелсіздік, бейбітшілік, бірлік, әділеттілік және заң үстемдігі жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасып, «Адал азамат қандай болуы керек?», «Зерделі ұлттың басты белгілері қандай?», «Жауапты қоғамды қалыптастыруға әрқайсымыз қандай үлес қоса аламыз?» деген сұрақтар төңірегінде талқылау жүргізді.
Тәрбиелік шара барысында оқушылар Конституцияның қоғам өміріндегі ерекше рөлін түсініп, заңды сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін ұғынды. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, өз еліне деген мақтаныш, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырып, Ата Заңды құрметтеу – туған елді, оның құндылықтары мен болашағын құрметтеу екендігін сезіндіруге бағытталды.