Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!

«Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

2025 жылдың 11 қыркүйегі күні «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында 7-11 сынып оқушыларының жалпы жиналысы болып өтті.

Жиналысқа Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Бахадур Еркебұлан, Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция подполковнигі Меңлібаев Талғат, Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция лейтенанты Сержан Мерей Сержанұлы, Отырар АПБ КПБ жедел уәкіл полиция капитаны Р.Әсетілла, мектеп директоры Л.Ділдабай, МДТІЖО Н.Нұрымшан, психолог М.Тұрсынбекова, әлеуметтік педагог М.Қалмырза, мектеп медбикесі А.Кенжебай, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, 7-11-сынып оқушылары қатыстырылды.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған:

🔹 лудомания (құмар ойынға әуестік),

🔹 нашақорлық,

🔹 ерте жүктіліктің алдын алу,

🔹️ жол көлік оқиғасы

🔹 интернет алаяқтық

🔹 буллинг тақырыптары жан-жақты түсіндіріліп, зиянды әдеттердің салдары мен жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау керектігі жөнінде ақпараттар берілді.

Шара барысында оқушыларға дұрыс таңдау жасау, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.

Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіп-қатерден сақтандыру және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.