Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

Бүгін 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Қарттарым, аман-сау жүрші!» тақырыбында мерекелік шара болып өтті. Шараның мақсаты ауылымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім – тәрбие берер ақ сақалды қарияларын құрметтеу және салт-дәстүрлерімізді насихаттай отырып ұрпақ бойына сіңіру. Мерекелік шараны мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Өтеев тілегімен бастады. Мектебіміздің өнерлі ұстаздары қарияларымызға мерекелік көңіл -күй сыйлау мақсатында әсем әндерді орындаса, оқушыларымыз өлең шумақтарын оқыды. Ақ жаулықта аналарымыз бен жасы үлкекн ардақты аталарымыз аман болсын! Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Сондықтан қарияларымызға құрмет көрсету барша жанның парызы деп білеміз.

#Біртұтас_тәрбие

#Өзін_өзі_басқару

2 қазан күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте "Таным" жаратылыстану пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен 02.10.-24.10.2024 ж. аралығында "Жаратылыстану -әлемді бейнелейтін нақты ғылым" тақырыбында айлық шараның ашылуы болып өтті. Айлық шараның мақсаты:

- Білім алушылардың химия, биология, физика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерінжинақтау.

- Білім алушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екендігін ұғындыру.

- Білім алушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

"Таным" бірлестігінің жетекшісі А.Сейсенова айлық шара барысында атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Білім алушылар ән салып, өлеңдер оқып өнерлерін ортаға салды.