Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Қамқор" жобасы аясында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай 8- сынып жетекшісі Серікбаева Жазира сыныбымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жалғызбасты анаға қамқорлық көрсетті.

🕊 Алғыс айту күні – мейірім мен қамқорлық мерекесі! "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Қамқор" жобасы аясында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай 8- сынып жетекшісі Серікбаева Жазира сыныбымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, жалғызбасты анаға қамқорлық көрсетті.

Шара барысында оқушылар мен сынып жетекшілері бірлесіп, отбасыға азық-түлік себетін табыстап, үй шаруасына көмектесті. Бұл игі іс – жас ұрпақтың бойында мейірімділік, жанашырлық, үлкенге құрмет сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Оқушылар қамқорлық көрсету арқылы қоғамдағы өзара сыйластық пен адамгершілік құндылықтардың маңызын терең түсінді. «Жақсылық жасау – әр адамның парызы» екенін сезінген оқушылар бұл шарадан үлкен әсер алды.

Қайырымдылық – жүректен шығатын жылу. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

https://www.facebook.com/reel/1654107478947480