Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Қайырымдылық - адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі.

Қайырымдылық - адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі.

Қайырымдылық - адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы рухани азық алуға болады. Білім алушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастырып, достық пен бірлікті нығайту мақсатында жыл бойы мектебіміздің оқушылары аулымыздағы мұқтаж жандарға көмек беріп отырады. Қайырымдылық шарасын мектеп тәлімгері Қыдырбаева Мөлдір аптаның әр бейсенбісінде ұйымдастырып отырады.

#Біртұтас_тәрбие

#Өзін_өзі_басқару