Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры»

«Үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры»

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 27 қараша күні «Үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры» тақырыбында өтіп жатқан үйірме сабақтарының айлық шарасының жоспарына сай «Дебат» үйірмесінің жетекшісі Қаймақ Қалампырдың ұйымдастыруымен «Қазақстанда атом энергетикасы қажет пе?» тақырыбында дебат өтті.

Дебаттың мақсаты Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдаланудың негіздерін ұғындыру. Білім алушылардың техникалық бағытқа бейімдеуде энергетиканың негізгі салалары: жылу электр станциялары, гидро электр станциялары, атом электр станцияларының негізгі құндылықтары туралы мәлімет беру.

Міндеті:

- Білім алушылардың энергетика саласына бейімдеу.

- Білім алушылардың теориялық, практикалық білімін кеңейту.

- Білім алушылардың сөз байлығын арттыру, өз ойын еркін түрде жеткізе білуге үйрету.

Мазмұны: Энергетика саласын оқытудың теориялық тұжырымдамасын, негізгі заңдылықтарын, құрылғылардың жұмыс істеу принципін, электр энергиясын қолданудың негізгі құндылықтарын, Қазақстан территориясындағы АЭС, ГЭС, ЖЭС жобаларны салудың негізгі проблемалары жайында түсіндіріп, болашақ жастардан үміт күту.

Дебатта екі топ қатысушылар атом энергетикасы, АЭС құрылысы жобасы, атом саласының ғылыми әлеуеті, экономика, экология, әлеуметтік тақырып аясында да пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Турнирдің қарары бойынша сөз алған «Барыс» командасы Қазақстандағы энергетикалық ахуал атом электр станцияларын салу арқылы ғана шешіледі деп есептесе, «Қыран» командасы атом энергетикасының экологияға зиян келтірмейтін жағын дәлелдеуге тырысты. Нәтижесінде «Барыс» командасының айтқан дәлелдері нақты болғандықтан жеңіске #Біртұтас_тәрбие.