Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Инклюзия» игі істер апталығының мақсаты мен іс-шара жоспарын мектеп педагог-психологы М.Турсунбекова,логопед М.Досан,арнайы –педагог С.Оразбаева таныстырды.

«Инклюзия» игі істер апталығының мақсаты мен іс-шара жоспарын мектеп педагог-психологы М.Турсунбекова,логопед М.Досан,арнайы –педагог С.Оразбаева таныстырды.

Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 04.11-08.11 күндері аралығында ұйымдастырылған «Инклюзия» игі істер апталығының мақсаты мен іс-шара жоспарын мектеп педагог-психологы М.Турсунбекова,логопед М.Досан,арнайы –педагог С.Оразбаева таныстырды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, игі істер жасау жұмысын насихаттау, ерекше балалардың қарым-қатынасын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін арттыру мақсатындағы апталық барысында 04.11.2024ж.күнгі жоспар бойынша «Шығармашылық күн» Ұраны: «Әрбір адам, өз бақытының жаршысы» яғни ерекше балаларға арналған күн болды.

«Шеберлік сыныптары» яғни сурет салу бойынша 1ә,2ә,3ә арнайы сыныптар бірнеше суреттер салды. Негізгі мақсаты: ерекше балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 1а сыныптағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушымыз Тұрғанбай Димаш ермексаздан өрмекші мүсінін жасап шықты. Көмекші мектеп бағдарламасымен оқытылатын 10 сынып оқушысы Елібай Айбек күз бейнесін бейнеледі.