Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»

📚 «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»

🇰🇿Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бұл құжатта әрбір азаматтың білім алуға құқығы нақты көрсетілген. Қазіргі заманда білімді ұрпақ – мемлекеттің ең басты байлығы. Сондықтан Қазақстанда білім беру саласы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып табылады.

🔹"Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 сәуір күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі хаты негізінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан

Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында оқушылар білімнің қоғамдағы рөлі мен маңызын терең түсінді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында әр азаматтың білім алуға құқығы бар екені айтылып, оның ішінде тегін орта білім алу мүмкіндігі қарастырылғаны түсіндірілді.

Оқушылар топтық жұмыстарға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Білімнің ел болашағы үшін маңыздылығы, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

✨ Білім – жарқын болашақтың кепілі!

✨ Сапалы білім – табысты елдің негізі!