Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Білім күні

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай 1- сынып және 11- сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізге арнап алғашқы қоңырау үні соғылды. Оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, мектебіміздің директоры Ділдабай Ләззат Ермахан қызы білім алушылар мен ұстаздарды құттықтап өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, жиынға арнайы келген қонақтар, Камқоршылық кеңесінің төрағасы Әбенов Қайрат, зейнеткер ұстазымыз Тілеужан Жанаткүл апайымыз, Ембаев Дәуірхан, Иманберді Шаншархан ағайларымыз, Ата-аналар комитетінің төрағасы Бейсенбаев Әзімхан ағайымыз қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, 1- сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етті. Салтанатты іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді.

Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!