Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Бақылау – білім таразысы» тақырыбында пәндік бақылау жұмыстары алынды.

19 қаңтар күні Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Ұлттық құндылық + ЖИ = Заманауи жаратылыстану білім» тақырыбында жүріп жатқан жаратылыстану пәндері онкүндігінің жоспарына сай, 7-10 сынып оқушылары арасында физика, химия және биология пәндерінен «Бақылау – білім таразысы» тақырыбында пәндік бақылау жұмыстары алынды.

🎯 Бақылау жұмысының басты мақсаты – жаратылыстану онкүндігі аясында физика, химия, биология пәндері бойынша оқушылардың білім деңгейін кешенді бағалау, пәндер арасындағы пәнаралық байланысты нығайту және оқу сапасын арттыру.

📘 Бақылау жұмыстары сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сай пән мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізілді:

физика пәнінен – Сейсенова Айжан,

биология пәнінен – Пиралиева Арайлым,

химия пәнінен – Налжанов Әділет.

Бақылау барысында оқушылардың теориялық білімдерімен қатар, логикалық ойлау қабілеті, пәндік сауаттылығы және алған білімдерін қолдану дағдылары бағаланды. Бұл жұмыстар оқушылардың өз білімін саралап, алдағы оқу бағыттарын айқындауына мүмкіндік берді.

✨ «Бақылау – білім таразысы» – жаратылыстану пәндері онкүндігі аясындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі болды.