Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Бүгін мектебімізде 11 -сынып оқушылары мен ҰБТ пәні мұғалімдеріне арналған арт-терапия сабағы өтті.

Бүгін мектебімізде 11 -сынып оқушылары мен ҰБТ пәні мұғалімдеріне арналған арт-терапия сабағы өтті.

Алда тұрған үлкен сын — ҰБТ.

Ал сол сынға дайындық тек біліммен ғана емес, ішкі тыныштықпен, сеніммен және рухани тепе-теңдікпен де өлшенеді.

Арт-терапия барысында қатысушылар бояулар арқылы өз көңіл-күйін жеткізіп, ойларын қағаз бетіне түсіріп, жүрекке жиналған уайымды шығармашылыққа айналдырды. Әр туынды — бір сезім, әр түс — бір үміт.

Бұл кездесу оқушыларға шабыт, ал мұғалімдерге серпін сыйлады деп сенеміз.

Алдағы емтихан жолы сәтті, сенімді әрі жеңісті болсын! 🌿

Ұйымдастырушы: кәсіби бағдар беруші педагогі Пәзілбекова Раушан

https://www.facebook.com/100090410312139/videos/pcb.895935430096793/917107401046874