АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте білім алушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, әдептілікке, әділеттілікке баулу мақсатында мектебіміздің І қабатында "Адалдық дүкені" ашылды. Яғни, әр оқушы сатушысы болмайтын дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша сатып алып, ақшасын арнайы кассаға салады. Адалдық дүкеннен қажетті тауарын сатып алған оқушы ешқандай қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін-өзі адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелей алады деген сенімдеміз!
Бұл жұмысты жасаудағы мақсатымыз білім алушылар арасында сенім мен адалдықты қалыптастыру. Сенім мен адалдыққа негізделген аталмыш шараға білім алушылар қызығушылық танытты. Оқушылардың арасында сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.