Мектебімізде наурыз айында ұлттық және патриоттық фильмдер жоспарына сәйкес 8 "ә"-сынып оқушыларына «Құнанбай» фильмі көрсетілді. Шараның мақсаты – оқушыларға тарихи тұлғаларды таныту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Фильм барысында оқушылар Құнанбай Өскенбайұлының өмір жолы, ел басқарудағы көрегендігі, әділдігі мен қайраткерлік тұлғасы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар туындыда қазақ қоғамының сол кезеңдегі тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен әлеуметтік жағдайы кеңінен бейнеленген.
Фильмнің ерекшелігі – Құнанбайдың тек қатал басшы ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын, болашақты ойлайтын дана тұлға ретінде көрсетілуі. Әсіресе оның ұлы Абайға берген тәрбиесі мен бағыт-бағдары оқушыларға терең ой салды.
Фильм көрсетілімінен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен фильмнің тәрбиелік мәні талқыланды. Оқушылар тарихи тұлғалардың өмірінен үлгі алудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рух пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды.





